АҚЫЛЫ АВТОТҰРАҚТАР ЗАҢСЫЗ БА?

0 3

Елорда әкімдігі «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-мен келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берді. Бұл туралы қала әкімдігнің ресми сайты мәлімдеді. Оған аталған мекеменің келісім-шарт міндеттемелерін орындамай, талаптарды елемегені себеп болған. Сондай-ақ кәсіпорын қаланың жол желісі бойына (Нұржол желекжолын қоспағанда) заңды негізі жоқ паркоматтар, жол белгілері мен ақпараттық тақталар орнатқан.

Бұған дейін де аталмыш мекемеге бірнеше рет ескерту жасалған, бірақ еш нәтиже шықпады. Сонымен қатар тексеру кезінде комиссия қоғамдық көлік тұрақтары үшін төлемдерді заңсыз жинағанын анықтады. Осыған байланысты қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік иелеріне шығындарды өтеу мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментіне хат жолдады.
Көшелер мен даңғылдардағы кептелісті азайтуға арналған қанатқақты жоба 2018 жылы 15 қаңтарда Нұржол желекжолының аумағынан бастау алды. Жоба жеке серіктестік қаржысына жүзеге асырылды.
Қала әкімдігі «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС тарапынан кеткен заңбұзушылықтарға орай тұрғындардың шағымдануына байланысты жобаны тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Келісімшартты бұзу туралы сотқа арыз берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − five =