«АҚЫЛДЫ ҮЙ» – АСТАНАНЫҢ АЖАРЫ

0 130

Сәулеті мен әрленімі француздық сәнде салынған «Париж кварталының» алғашқы үйі қолданысқа берілді.

Людовик XIV заманынан сыр шертетін шаңырақта шырағын жағуға ниеттілер әзірден көп. Бүгіннің өзінде бұл үйдің басым пәтерлері өз иелерін тапқан. Есік алдына төселген қызыл кілем, әсерлі әуен барлығы мейлінше париждік рух берудің әккі әдістері.

Бірақ басы артық бұл тәсілдерсіз-ақ, үйдің париждік сәулеті көзге көрінеді.

Тұрғын-үй кешені оқшауланған алты қабатты алты үйден тұратын болады. Оның үшеуі 26 пәтерден, қалғандары 14 пәтерден салынбақ.
Digital home, яғни «ақылды үйге» бельгиялық жоғары технологиялық құрылғылар қондырылған. Оның көмегімен тұрғын-үйдің қожайыны қашықтықта отырып-ақ, ұялы телефон арқылы үйдегі барлық құрылғыларды басқара алады.

Айдын Рахымбаев, «ВI GROUP» холдингінің директоры:
Бұл үйді салуға біз бар тәжірибеміз бен білігімізді арнадық. Үйдің құрылысына сирек, әрі қымбат материалдар пайдаланылды. Мәселен, сырт қабырғалары керамикалық кірпіш, фасадтық зер металдан, ал, терезелер мен терезе алды тақтайлар Африкадан әкелінген сирек ағаштармен әрленді. Сондай-ақ, әр пәтерге париждік үйлерге тән алауошақ орнатылды.

Антон Максимов, сәулетші:
Бұл кешеннің тұрғындарына жеке серуендеуге арналған саябағы болады. Ондағы әрбір мүсін, отыруға арналған орындарға барынша париждік бояу беруге тырысамыз. Сондай-ақ, күмбезді дөңгелек үйлер, шатырлы жаппа мен тастармен қашалған тротуарлар және сабақтары жер бауырлай өсетін бүрлі ағаш, әлбетте, кварталға париждік аура беретін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 1 =