©2020 Астана Ақшамы
Ақылды бағдаршамдар саны артты
Зияткерлік көлік жүйесімен (ITS) бүгінгі таңда 443 бағдаршамның 105 нысаны қамтылған.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметі бойынша, 2019 жылдың соңына дейін ITS жүйесіне 31 бағдаршам нысаны қосылады. Сол сияқты 48 ақпараттандыру таблосы мен 130 радиолокациялық детектор орнатылады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, тоғыз жол қиылысында 87 бейне детектор, 27 бейнебақылау камерасы орнатылып, ол жалпы көлік ағынына әсер ететін негізгі көлік тораптарын қамтуға, қолданыстағы көше-жол желісінің жүктемесін біркелкі бөлуге және оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік бермек.