Ақыл-ойында ауытқуы бар балалар

0 690

Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін толыққанды жағдайларда лайық­ты өмір сүруде. 

Ал, ақылы кем балаларға жан-жақты педа­го­гикалық қолдау көрсетіліп, әрбір оқу­шы шама-шарқына қарай білім көлемін меңгеруде. Жалпы, ақыл-ойында әртүрлі ауытқуы бар балалардың көбі толық емес және­ әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан­ шығады. Мұндай балалар өз отбасымен то­лық­ қарым-қатынас жасай алмайды және бұл олар­дың­ жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер­ етеді.

Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әртүрлі аспектілерінде қиын жағ­дай­ларда өтеді. Олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. Дегенмен, ұнамсыз және еркелету эмоцияларын ажыратады. Бірақ, өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, бетіне қараумен білдіреді. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы кем балалар селсоқ, сенімсіз болады. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақ­ты,­ терең болып келеді. Мұндай балалар айқай­лау­ға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбейді. Ал, кей­бі­реу­лері сөйлемейді, жан-жағына үреймен қарайды, ата-аналарының, тәрбиешілерінің артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады.

Ақыл-ойы кем балалардың эмоциялық көңіл-күйі көбінесе ойын және еңбек іс-әрекетінде көрініс береді. Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекетінің түрі – ойын болса, мектепке дейінгі ақыл-есі кем балалардың дамуында ол қажетті орын иеленбейді. Мұндай балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды өз беттерінше меңгере алмайды. Ересектердің көмегімен ғана ойын барысында сатушыны, сатып алушыны және т.б. рөлдерін ойнайды, алайда өз бастамасымен ойын ұй­ым­­­дас­тыра алмайды.

Сондықтан, осындай ба­ла­ларға арналған оңалту орталықтарында таным­дық­ іс-әрекетпен қатар оларды еңбекке баулимыз. Себебі, ақыл-ойы зақымданған балалар мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормасын, қарым-қатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа кездеседі. Қорыта айтқанда, мұндай балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нор­ма­ға қарағанда анағұрлым кеш байқалады, ал­ кей­бі­реулерінде мүлдем қалыптаспайды. Бар­лық білім түрін бақылау, балаларды ын­та­лан­дыру, іс-әрекет мүмкіндігін дәлелдеу, ойлау қызметін жинақтап, қорыту оның ішін­дегі білім мен икемділікті жаңа жағдайға көшіру, сезіну – сөздік логикалық жүйе мен практикалық ойлау қызметінің құрамды бөлі­гі­мен ара-қатынасын анықтау, тапсырма­ны­ өз бетінше шешу, үлкендер жағынан көр­се­тіл­ген көмекті қабылдау қабілетін дамы­ту жә­не тұлғалық ерекшеліктерінің қа­лып­та­суы­на ықпал ететін факторлардың ішіндегі ма­ңыз­ды­сы педагогтың, мектеп психологының баға­лауы­ болып табылады.

Бақытгүл ОСПАНОВА,
Астана қаласы Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиешісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − four =