Ақыл-ойдың арнасы

0 17

Ұлы Абай атамыздың 175 жылдық торқалы тойына тамаша сый ретінде, еліміздегі ақпарат кеңістігінде «Ақыл-ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасының таныс­тырылымы өтті. Мәні терең маңызды шараға Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және елордадағы зиялы қауым өкілдері қатысып, жаңа арна жұмысына сәттілік тіледі.

Салтанатты шараның ашылуында Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев бұл телеарнаның мәдени-ағартушылық салаға үлес қосып, ұлт қазынасын толтыруды көздейтіндігін жеткізді.
Жаңа телеарна Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылды. Ол жұртшылыққа ақын мұраларын барынша насихаттауды мұрат тұтып, осы бағытта «Абай жолын бірге оқиық», «Сарасөз» бағдарламасы жарыққа шығады. Сонымен бірге ақын-жазушылардың драмалық шығармаларын талдауға арналған «Үркер», жастардың «Жыр майданы», қазақ музыкасының мәдениеті мен тарихы жайындағы «Ұлы дала музыкасы» және спектакльдер мен балет қойылымдарына арналған «Премьеры» бағдарламасы көрсетіледі.
Айтпақшы, арнаны www.abaitv.kz ресми сайтынан онлайн режимде көре аласыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × four =