АҚТӨБЕ ӨҢІРІНЕН АРНАЙЫ КЕЛДІ

0 83

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнайы Ақтөбе облысынан 162 оқушы келді. Оларды теміржол вокзалынан Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қарсы алды.

abf5cc1b05f1140e84126712656

Әкімдік өңірлердегі дарынды жеткіншектер мен көмекке мұқтаж отбасында тәрбиеленетін оқушыларды ЭКСПО қалашығында қыдыртуды қолға алып жатыр.Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, өңірден келген балаларға екі күндік бағдарлама әзірленді. Бірінші күнде балалар көрмені қызықтаса, келесі күнде Астананың ең айшықты нысандарын аралап, көрікті жерлерімен танысады.

– Жоспар бойынша елордаға өңірден 1600 адам келіп-кетеді деп күтілуде. Нақтырақ айтсақ, 40 топқа топтасқан 40 бала көрмеге келіп отырады. Қонақтарды қарсы алу Білім басқармасының мамандарына және қаланың білім беру мекемелерінің басшыларына жүктелген. Балалар жүріп өтетін жол алдын ала белгіленген. Сондай-ақ, әр аймақтан оқушыларды күтіп алып, шығарып салатын жауапты мекемелер анықталды. Мектептегі мұғалімдер мен медициналық қызметкерлер де оқушыларға қарайласып, әркім өз жұмысын атқарады, – деді ол.

Астанаға қыдырып келген қонақтарды «Аstana LRT» компаниясының автобустары тасымалдайды. Ал жатын орын ретінде қаланың білім беру орындарының жатақханалары таңдалды. Балақайлардың қауіпсіздігін жергілікті полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + fifteen =