Ақтау Анталияны алмастыра ма?

0 18

Жазылған жайдың жаңғырығы

Райхан Рахметова
№ 81 (4205), 13 шілде, 2021

Гүлмира АМАЛБАЙҚЫЗЫ:

– Әйтеуір бәрі Ақтауды V ғасырдан бастап кірпіші қаланған қалалармен салыстырғыш. Біреуі тұтастай бір елдің астанасы Бакумен, енді бірі Батумимен, енді Анталия (ең алғашқы қамалдар 133 жылдары тұрғызылған). Осы қарқынмен дамыса, болашақта алмастыратын болады деп ойлаймын.

Күрең МЕДЕУОВА:

– Дұрыс пікір. Жергілікті атқарушы органдар қызығушылық танытпай отыр ғой, менің ойымша. Бір-бірінен қызғана ма, қайдам?! Егер олар қолға алса, мүмкін өзгерістер болар, бірақ біздің чинуштардың қарпығаны көбірек болады ғой. Сосын «Розовые скалы», теңіз жағалауы ұқсап қирап жатады бəрі артынан.

Елдар ТҰРСЫНҒАЛИҰЛЫ:

– Осы «Ақтау сити» жобасы не болды? Қайда кетті? Ойбай, күшті қала салынып жатыр деп айтып еді ғой. Сол күйі жоқ

Бақыткерей ЖҰМАҒАЛИЕВ:

– Анталияға жету қайда бізге?! Шығыстағы Ыстықкөл мен Алакөлге жетсек шүкір, бірақ оған да жете алмай жатырмыз.

Мереке МЕҢЖАНОВ:

Туризм бизнестеріне Үкімет субсидия беріп, бəрін бірыңғай арзан қылу керек.

Ерғазы СЕЙІТҚАЛИ:

– Қазақстанның ішкі туризмі Түркияның деңгейіне жету үшін кемі 200 жыл керек

Берік ЕРҒАЛИЕВ:

– Бола алмайды, Анталияда туризмге комплекс ретінде қараса, бізде әр бизнес (қонақүйлер, турагенттіктер, джиперлер) өз алдына бөлек «тема» қозғайды. «Ақтау сити тур» мен «Жусан трэвелдің» «Риксоспен» бірігіп жасап жүрген бизнестері көрсеткіш емес, өйткені Юлия Федотова мен Берік Дәуенов туризмді кешендендіруге талпынып жүрген аз ғана адамдардың қатарынан. Яғни басқа қаладан келіп, теңізге түсіп, киелі орындарға зиярат жасау, табиғат аясында демалу және экстремал спортпен айналысу т. б. қатардағы қазақтар үшін өте қымбат демалыс. Жаз бойы қонақ күтіп, шығарып салып жүрміз, схема біреу: пәтер жалдау – теңізге түсу – аквапаркке бару. Қалған демалыстарды көпшіліктің қалтасы көтермейді.

Дәулетқали АСАУОВ:

– Шатаспасам, ата-бабаларымыз баяғыда Хазар теңізі деп осы Каспийді атаса керек. Ақтауда бірнеше рет болып жүріп, Каспийге тек бір-ақ рет түсіппін, онда да күн салқындау, көктемгі кез еді, мен сияқты елірген 4-5 адамнан басқа суға түсіп жүрген ешкімді көрмедім, сондықтан Каспийге тағы барып, жайланып түссем

Айгүл ЕРКІН:

– Мақаланы оқып, Қазақ елінің біраз тарихы, тыныс-тіршілігімен таныстым. Ал пікірлерді оқып ойланып отырмын. Сонда туризм саласын өзге елден біреу келіп, дамыту керек пе екен? 30 жылдан бері шетелде демалған азаматтар барған жерінен еш үлгі алмай қайтқан ба? Саяхат та білім жинайтын, үлгі-өнеге алатын үлкен мектеп қой. Сонымен қатар ең табысты сала.

Қазы ОРАЗАЛЫ:

– Бəсекелестік болмаған жерді қымбатшылық жайлайды. Бəрін құртып тұрған монополия, сонан соң біздің елде қысқа уақытта байып кетуді көздейтін психика басым. Сапалы қызмет көрсете алсақ, Анталиядан

Қиындықты көп болып жеңеміз

 

 

Қалиакбар Үсемханұлы
№81(4205), 13 Шілде, 2021

 

 

 

 

 

 

 

 

 

NurSerik Kasymjomart:

Дұрыс! Құптарлық іс! Ең бастысы Жаратқан Құдайдың алдында адамның ниетінің тазалығы ғой. Жылдан жылға экологиясы нашарлап, оның үстіне мұнайды еселеп өндірудіңде зардабын көріп тұрған жер ана үлкен экологиялық апаттың алдында тұрған сияқты. Жер ананың қадірлей білейік. Қолдан келгенше батыстағы ағайынға көмек қолын созайық.

Қуаңшылық қымбатшылыққа ұрындырмасын

Қалиакбар Үсемханұлы
№79(4203), 8 Шілде, 2021

Жұмабек Әлімхан:

Өте өзекті мәселе осы, ең кемінде осындай жұт жылы халық ішер ас, жанар-жағар май, жейтін азық-түліктен тарықпауы керек. Ол үшін қыс қамын жазда ойла дегендей, Үкімет жүйелі дайындыққа көшуі керек, астық пен азық-түлік өнімдерін шетелге экспорттауға қатаң тиым салып, бақылауға алуы керек. Қуаңшылықпен бірге қымбатшылық қысып келе жатқан жағдайда халыққа ішпек-жемек, жем-шөп қол жетімді болуы тиіс.

ERBOSYN NURMUHAN:

Өте дұрыс! Қуаңшылық сұмдық болайын деп тұр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × one =