Ақша қалай инвестицияға айналады?

0 142

Әр адамның өмірінде «сақтық қоры» – жиналған ақшасы болғаны дұрыс. Ақша жиналу үшін тапқан пайдадан аз ақша жұмсау керек. Табысты азаматтар бұл қарапайым ережені орындауға тырысады.

Бірақ жиналған ақшаны «төсектің астында» сақтаудың қажеті жоқ. Ол инфляцияға тап болуы мүмкін. Ақша өз иесіне кіріс әкеліп, «жұмыс істеу керек». Осылай ол Инвестицияға айналады.

Қаржыгерлердің айтуынша, ақша ұйықтамайды. Ақшаны қайда сақтау керек, кіріс алу үшін оны қайда салу керек деген сұрақ адамдарды әрдайым ойландырады.

Сонымен, артық ақша қаражатын өсіруге әкелетін қандай тиімді жолдар бар?

Консервативтік инвестицияларға арналған депозит

Ең бірінші ойға келетін нәрсе – банктегі Депозит. Ақшаны кез келген мерзімге салуға болады. Шетел валютасында немесе теңгемен. Кез келген уақытта оны шоттан алуға болады.

Бұл жинақтың басты артықшылығы – банктердегі салымдарға берілетін мемлекет кепілдігі. Қазақстанда 5 (бес) миллион теңгеге дейінгі сомаға кепілдік беріледі.

Бірақ, Депозиттің «осал жақтары» да бар. Бұл – инфляциядан төмен болуы мүмкін пайыздық мөлшерлемелер, валюталық тәуекелдер. Салымды құнсызданып келе жатқан валютада ұстасаңыз, қаражатыңыздың белгілі бір бөлігін жоғалтуыңыз да мүмкін.

Жылжымайтын мүлік 

Егер жиналған сомаңыз жеткілікті болса, ол ақшаға Жылжымайтын мүлік: пәтер, үй немесе жер сатып алуыңызға болады. Оны жалға беріп, пайда таба аласыз. Немесе бағасы өскенше күте тұруға болады.

Бірақ Жылжымайтын мүлікке инвестициялауға көпшіліктің ақшасы жетпейді. Сондай-ақ, уақыт көрсетіп отырғандай, пәтерлердің, үйлердің және жердің бағасы біраз төмендеуі де мүмкін. Қазақстандықтар «жылжымайтын мүлік қорындағы көпіршік» деген ұғыммен де таныс.

Құнды заттар 

Көне заманнан бері алтын, асыл тастар жиналған қаражатты сақтаудың және арттырудың жақсы құралы болып келген. Сондай-ақ, соңғы бірнеше жыл ішінде олардың бағасы бірнеше мәрте өсіп те кетті.

Металды іс жүзінде сатып алу қажет емес – банктердің бірінен Металл шотын ашып, әлемдегі баға белгіленімін бақылап отыру ғана қажет. Бұл ретте құнды металл бағасының артуы да, төмендеуі де мүмкін екендігін ұмытпаған жөн!

Жаңа мүмкіндік ретіндегі ұлттық компаниялардың акциялары 

Қазақстан азаматтарының жинаған қаражатты инвестициялаудың тағы бір мүмкіндігі пайда болды – аса ірі мемлекеттік компаниялардың Акцияларын сатып алу. Бұл мүмкіндікті «Халықтық ІРО» бағдарламасы береді.

Сатуға Қазақстан өнеркәсібінің жетекші компанияларының бағалы қағаздары шығарылады. Бұл – темір жолдар, электр желілері, құбыржолдар, ұшақтар, электр станциялары секілді нақты активтер.

Акциялар – дамыған елдерде инвестициялаудың кеңінен таралған әдісі.

Инвестор – акционер, яғни компанияның бірлескен иегері бола отырып, мынадай құқықтарға ие болады:

1. Дивидендтер түрінде компания табысының бір бөлігін алу. Төлемдерді жүргізу уақыты мен оның мөлшерін акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді.

2. Компанияны басқаруға қатысу. Бір акция – компания өміріндегі басты мәселелер шешілетін акционерлердің жалпы жиналысындағы бір дауыс.

3. Компания таратылған жағдайда өзі иелік ететін акциялар үлесіне сәйкес компания мүлігінің бөлігіне ие болу.

Акциялардан қалай пайда табуға болады? Дивидендтерден басқа бұл бағалы қағаздардың қызықтыратыны, олардың бағасының өзгеріп отыруы. Мәмілелердің биржадағы бағасын акциялардың баға белгіленімі деп атайды. Егер ол өсетін болса, онда қағаздардың иесі акцияларды сатып жіберіп, пайда таба алады.

Егер акция бағасы төмендеп, ал акционер оларды сататын болса, ол залалға ұшырап, ақшасын жоғалтады.

Егер сіз инвестициялауға алғаш рет қатысып отырсаңыз, еш уақытта акцияларды қарызға алған ақшаға немесе жақында қажет болып қалатын ақшаға сатып алмаңыз. Акциялар – тәуекелді құрал.

Бағалы қағаздарға инвестициялаудың екі негізгі стратегиясы бар: алып-сату және ұзақ мерзімді стратегия. Алып-сатарлар акцияларды пайда табудың алғашқы мүмкіндігі бола салысымен сатып жіберу үшін сатып алады. Ал ұзақ мерзімді инвесторлар акцияларды кемінде бір жыл мерзімге сатып алады. Ұзақ мерзімді кезең ішінде акцияларға салым жасау аса тиімді болып табылады.

Жалпы алғанда, тәжірибелі және табысты инвесторлар «барлық жұмыртқаны бір көшетке салуға болмайды» деген «алтын ережені» ұмытпағанды жөн көреді. Бүкіл ақшаны жалғыз депозит, жылжымайтын мүлік, құнды заттар немесе бір компанияның акциялары болсын, бір ғана жерге салу қауіпті. Одан да өз ақшаңызды әртүрлі активтер арасында бөліп, инвестициялық қоржын құрастырған дұрыс.

Егер Сізде Бағдарлама жөнінде сұрақтар туындаса, 8 800 080 50 70 «жедел желі» телефоны бойынша хабарласа аласыз (Алматы қаласы үшін – 8 (727) 250 70 00), қоңырау тегін.

www.halyk-ipo.kz ресми веб-сайтындағы ақпаратпен танысыңыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − three =