Ақша алаяқтығына шенеуніктердің қатысы бар ма?

0 63

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула 1,5 миллиард теңге көлеміндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы айтты.

1,5 миллиард теңге көлеміндегі ақша алаяқтығына ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысы бар. Шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінің кесірінен Қазақстанның бірнеше облыстарына, сонымен бірге Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына әлеуметтік отын дұрыс жеткізілмеген.
Әлеуметтік отын көлемін бөліп-тарату кезінде шенеуніктер республиканың ішкі нарығына газ жеткізу жоспарына қасақана жалған ақпарат енгізген. Схема 2019 жылдан 2020 жылға дейін үзіліссіз жұмыс істеп келген. Нәтижесінде Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарына отын жеткілікті деңгейде бөлінбеген, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келтірілген шығын көлемі 1,5 миллиард теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар бұл іске қатысты кейбір адамдар Ақтау мен Тараз қалаларынан бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінен жеткізілген газ көлемін заңсыз асырып жібергені үшін және жеткізуші-өндірушіні ауыстыр­ғаны үшін жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілініп отыр.
Мәселен, Маңғыстау облысының қажетті 3,4 мың тонна көлеміндегі көгілдір отынды Қарағанды облысының аумағына 252 миллионнан астам теңгеге сатқан. Ал соңғы тұтынушы яғни қарапайым халық газды бастап­қы бағасынан үш есе жоғары бағамен сатып алған. Сондай-ақ күдіктілердің бірі – Қазақстан Республикасы Премьер-минис­трі Кеңсесінің қызметкері екені айтылды. Қазіргі уақытта іске қатысы бар екі адам уақытша қамауға алынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 11 =