АҚШ «ТАУСЫЛМАС ҚУАТЫН» ТАНЫСТЫРАДЫ

0 92

АҚШ ПАВИЛЬОНЫ  КӨРМЕ  КЕЗІНДЕ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ИННОВАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТАНЫСТЫРАТЫН БОЛАДЫ. 

Әлемді аузына қаратқан АҚШ елорда төрінде өтетін көрмеге асқан дайындықпен келген. Үш бөлімнен тұратын бағдарламалары небір қызыққа толы болмақ.
«Біздің павильон әлемдік сахнада АҚШ-тың күш-қуа­тын, инновация саласындағы жетістіктері мен шығармашылығын көрсетеді. Екі ел арасындағы берік әріптестік те аталып өтеді» дейді АҚШ павильонының президенті және атқарушы бас директоры Джошуа Уокер.
«Таусылмас қуат көзі» тақырыбын арқау еткен павильон бағдарламасының театр бөлімінде студент-елшілер өткен тарихты еске түсіртеді. АҚШ-тың инновациялық рухын дәріптейтін фильм көрсетілгеннен кейін қонақтарды қайталанбас шоу күтіп тұр. Синхронды алып үш экраннан көрсетілетін шоу еденнен төбеге дейінгі көп қабатты дыбыс пен жарық әсерінен кез келген адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Әрі қарай келген қонақтарға энергия тақырыбында түрлі сұрақтар қойылады. Соңында «Таусылмас қуат көзі БІЗ ӨЗІМІЗ» деп ғаламдық мәселелерді қалай шешіп жатқандықтарын паш етеді. Мультимедия­лық таныстырылым Еуразия қорының қолдауымен дүниеге келген екен. Бір ерекшелігі, АҚШ павильонын студент-елшілер таныстырады. Олар АҚШ-тың 29 штатынан келген. Қазақ және орыс тілдерімен қатар, 17 тілді еркін меңгергендердің бәрі – студенттер мен аспиранттар.
«Көрме кезінде Американы студент-елшілерден артық ешкім түсіндіре алмайды» дейді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі, АҚШ павильонының комиссары Джордж Крол мырза. Айта кетейік, павильон қа­йы­рымдылық көмек арқылы қаржыландырылған екен. Демеушілердің қатарында елімізге танымал Chevron, GE, AES, ExxonMobil, Fluor, Mastercard, Coca-Cola, Microsoft, Visa және WR Grace компаниялары бар.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − four =