АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

0 151

Тарифті қалыптастырудың маңызды бағыттары

Коммуналдық қызмет көрсетулерге электр, жылу, газ, сумен жабдықтау және су бұрғыш (кәріз жүйесі) тарифтерді бекіту Қазақстан Республикасында нарықтағы табиғи монополиялар және реттеу туралы заңнамалар талаптарына сәйкес қатаң жүзеге асырылады.
Осы заңнамалар субъект-доминанттардың баға белгілеу және табиғи монополиялар саласында субъектілердің қызметін бақылау және реттеуді қарастырады, сонымен қатар субъектілер мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерім жетістіктеріне бағытталған.
Субъектілердің қызмет көрсетулеріне тарифті бекіту тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ҚР Табиғи мнополияларды реттеу агенттігі тарифтерге өзгерістер енгізу өтінімін қарастыру кезінде тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктерін тарта отырып, тарифтік жобаларға сараптама жүргізеді. Сонымен қатар, тарифтік саясат саласында тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін күшейту мақсатында, субъектінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолымен алдын ала БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша міндетті түрде көпшілік тыңдауды жүргізеді. Көпшілік тыңдауға қатысу әрбір тұтынушының құқы болып табылады.

Тарифті бекіту кезінде тарифтің негізсіз өсуіне жол бермеу және тарифті қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар бабы мен деңгей бойынша бірқатар шектеулерден тұратын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы Ереже қолданылады.

Коммуналдық қызмет көрсетулерге тарифтер әлемдік және ішкі нарықтарда жинақталған көптеген факторларға тәуелді. Тарифтердің деңгейі отынның (газ, көмір, мазут), ЖЖМ, қосалқы бөлшектер, жөндеу жұмыстарына тәуелді.

Аталған тауарларға бағалар және қызмет көрсетулер бәсекелестік ортада қалыптастырылады.

Электр энергияға бағаның өзгеруінің басты себебі электр энергиясы өндірісіне тарифтің өсуі болып табылады. Тарифтегі дәл осы өндіріске инвестиция жасаушысы салынған.

Сумен жабдықтау және кәріз құбырларына қызмет көрсетуге тарифтің өсу себептері, негізінде, 30% аса өзіндік құнын құрайтын электр энергиясының құнының өсуі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге кететін шығындардың, химиялық реагенттердің және материалдардың құнының өсуі, негізгі қаражатты қайта бағалау нәтижелерін қосқанда және т.б. болып табылады.

Бұдан басқа, тарифке сумен жабдықтау жүйесін қайта құру мен жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдар­ламаларды іске асыру да ықпалын тигізеді.

Жылумен жабдықтауға тарифтің өсуінің басты себебі отын құнының өсуі болып табылады. Тариф құрылымындағы шығындардың жылу энергиясы өндірісіндегі негізгі үлесі 50-70% жететін нақ осы отын құны құрайды.

Республиканың бірқатар аймақтары (Қазақстанның оңтүстігі және Қостанай обылысы) отын ретінде шеттен, яғни Өзбекстан Республикасы мен Ресейден әкелінетін газды пайдаланатынын атап өту қажет. Жылумен жабдықтау тарифтеріне ЖЖМ, жөндеу жұмыстары мен қосалқы бөлшектер құны әсер етеді.

Газбен жабдықтаудағы қызмет көрсетулерге бағаның өсуінің басты себебі сатып алынатын газ құнының өзгеруі, сонымен қатар таратып тұратын желілер бойынша газ тасымалдауға тарифтердің өзгеруі болып табылады.

ТКШ саласындағы мемлекеттік саясат

Мамандардың есептеуінше, кәдуілгі ғимараттағы 70% дейінгі жылу шығынын есіктер мен терезелер «қамтамасыз етеді». 30% дейінгі жылу қабырғалар мен шатырлар арқылы жоғалады. Қорытындысында: Қазақстанда бір шаршы метр алаңды жылытуға төрт еседен артық отынды талап етеді, ал Финляндия сияқты суық елде: жылына 240 қарсы 82 кВт/ш.м.

Қазақстанның жекелеген аймақтарындағы жылумен және ыстық сумен жабдықтау жүйесіне кететін энергияның жалпы шығыны 40% дейін.

Жылумен жабдықтау секторындағы қуат үнемдеу әлеуеті және жылуды тұтыну сарапшылардың бағалауы бойынша 20% кем емес құрайды және 32% ресурсты үнемдеудің жалпы әлеуеті тұтастай алғанда ТКШ-на тиесілі болады.

ТКШ жаңғыртуды жүргізу қажеттілігінің тағы бір шарты кей жерлерде 70-80% жететін жабдықтар мен желілердің жоғары деңгейдегі тозуы, ескірген технологиялар, әлеуметтік-бағдарланған тарифтер және ТКШ жобаларын жеткіліксіз қаржыландыру, ТКШ істерінің жағдайы болып табылады. Осы жағдай кеңес өкіметі кеңістігіндегі көптеген елдерде де бақылануда.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша 50,1 млн. ш.м немесе 32% тұрғын үй қоры шұғыл күрделі жөндеуді қажет етеді, атап айтқанда: үйдің алды, шатыры, қабырға панелдері, балкондар, кіреберістердің жапсарласқан жерлеріндегі саңылаулар, сонымен қатар орталық жылу жүйесін, ыстық және суық сумен жабдықтау, кәріз құбырлары.

Бұл өмірлік маңызды саланың реформалау қажеттілігін түсіне отырып, Қазақстан республикасының Үкіметі Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын және 2011-2020 жылдарға арналған (ТКШ жаңғырту бағдарламасы) Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарла­ма­сын қабылдады және ол іске асырылуда.

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасында сандық және сапалыққа бөлінетін мақсатты көрсеткіштер қарастырылған.

2020 жылға қарай 81 мың км. аса су, жылу, электр және газбен жабдықтау желілерін жаңғырту жоспарлануда, осы көлемнен 2015 жылға қарай 31 мың км. желі жаңғыртылатын болады, оның ішінде: ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша – 24,4 мың км, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша – 6,7 мың км. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум нысанының үлесін 2020 жылға қарай 10 пайызға дейін төмендету ұсынылды, ал 2015 жылға қарай 32 ден 22–і пайызға дейін төмендетіледі.

Сапалы көрсеткіштерге келесі көрсеткіштер жатады «2015 жылға қарай 50 пайыздан кем емес тұтынушылар елдің әрбір аймағында сапалы қызмет көрсетумен қана­ғаттандырылады», «тұрғын үй қорын нормативті пайдалануды өздігінен қамтамасыз ететін нысандар үлесі» 2015 жылға қарай 80% құрауға міндетті.

Өткен жылдардың қателіктерін ескере отырып, Бағдарлама аясында «тиімді жекеменшіктенушіні» қалыптастыруға ерекше көңіл аударуда.

Мемлекет Басшысы атап өткендей «пәтер иелері үйлерді басқару үдерісіне нақты қатысуы және осы Бағдарламаның пайдасын нақты сезінуі қажет». Сондықтан 2012 жылдың сәуірінде және 2013 жылғы ақпанында 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту Бағдарламасына түзетулер енгізілген болатын, атап айтқанда:

1) 2013 жылдан бастап мамандандырылған өкілетті ұйымдардың трансферттеріне ауысу жолдарының екі тетігін біріктіру;

2) меншіктенушілердің алдын ала жинағының үдемелі көлемін бекіту:
2013 жылдан бастап – 3%;
2014 жылдан бастап – 5%;
2015 жылдан бастап – 7%.

3) Табысы аз отбасылар (азаматтар) үшін үйдің (пәтердің) пайдалы алаңының 1ш.м. үшін атқарылған жұмыс үшін төлем мөлшері айына АЕТ-ң 5% аспауға міндетті. Көмек коммуналдық қызмет көрсетулер шығындары осы мақсаттағы отбасылардың шекті мүмкін шығындар (орташа айлық кірістің 8% ) үлесінен асып түсетін, меншіктенушінің атында тек қана бір пәтер тіркелген жағдайда көрсетіледі.

Пәтер меншіктенушілерінің қатысуын жандандыру мақсатында жұмыс түрін таңдауда және жөндеу жұмыстарын жүргізудің құнын арзандатуды таңдауда пәтер меншіктенушілерге бағдарлы құны көрсетілген жөндеу жұмыстарының түрлері ұсынылады.

Бірінші түрі «Жертөле», өзіне жалпы үйдің жылу, электр, сумен жабдықтау суды бұру желілерін жөндеу, жалпы үйлік жылу энергиясын есептегіш құралын және сыртқы және ішкі ауа температурасына тәуелді жылуды тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату, қуат үнем­дегіш жарықтандыруды жүргізу, қабырғаларды, төбені және жертөле еденін жөндеу бойынша жұмыстарды қосады.

Екінші түрі «Кіреберіс» өзіне энергияны үнемдеуші кіреберіс терезелері мен есіктерді орнату, кіреберісті жөндеу, домофон, пошта жәшіктерін орнату және кіреберістің басқа да жабдықтарын қоса алады.

Үшінші түрі «Шатыр» өзіне энергия үнемдеуші материалдармен шатырды жөндеу және жылытуды қоса алады, бұл кезде шатырдың құрылысы тігінен еңіске өзгеруі мүмкін.

Төртінші түрі «Қасбеті» өзіне қасбетті жөндеу және жылытуды қоса алады, тұрғын үйдің сыртқы түрі өзгереді.

Бесінші түрі «Лифт» өзіне лифтлерді және лифті жабдықтарын ауыстыру не жөндеуді қоса алады.

Алтыншы түрі «Ағымдағы жөндеу» өзіне ғимараттың құрылысы мен жекелеген элементтерін таңдалынып алынған ағымдағы жөндеуін қоса алады.

Осындай әдіспен, пәтердің (үйдің) меншіктенушілері өздері тұрғын үйдің күйінен шығатын пакетті таңдауға мүмкіндік береді.

Маңызды факторлардың тағы бірі көп қабатты тұрғын үйге инновациялық технологияны енгізу болып табылады, басты артықшылығы болып табылатыны келесі:

1. Энергоресурстарды үнемдеу:
Пәтерлік энергоресурстарды есепке алу тұрғындарға шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, ал жалпы үйлік есепке алу тұтынудың жалпы теңгерімін шығаруға мүмкіндік береді. Кез келген жағдайда, есепке алу энергоресурстарды тұтынудың көлемін талдауға мүмкіндік береді және үнемдеудің маңызды құралы ретінде қызмет етеді.
Үйге тиесілі аумақты және кіреберісті жарықтандыруды басқару тәулік уақытына байланысты және адамдардың қатысуы электр энергияны 80% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Жылдық есепке алу торабын орнатқан жағдайда, жылу тасушыдағы температураны реттеу есебінде электр­мен жабдықтаудағы үнемдеуді 60% дейін жеткізуге мүм­кіндік береді.

2. Мүмкін апаттардың салдарын қалпына келтірудегі үнемдеу.
Шұғыл назарда ұстау және апатты жағдайларды уақытында жою, газдың кемуі, судың ағуы, түтіндену, өрт және т.б. тұрғындар сияқты, компаниялар басқарушыларына да апаттың салдарын қалпына келтіру аз қаржы емес, дис­петчерлендіру жүйесін орнату шығындарымен салыстыруға келмейді.

3. Пайдалану шығындарындағы үнемдеу.
Диспетчерлендіру үйді пайдалану және қызмет көрсету бойынша мамандардың ең аз штатын ұстауға мүмкіндік береді: электршілер, санитарлық техниктер, және т.басқалар. Апатты жағдайлар диспетчердің шұғыл бақылауында болады, апаттың дәл сипаты анықталады.

4. Қауіпсіздік.
Өзін және өз отбасын қауіпсіздендіру, өз мүлкінің сақ­талуын қамтамасыз ету пәтерді таңдау кезіндегі ең маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Сондықтан үйді бейне бақылау жүйесімен, бақылаудың қол жетімділігі, диспетчерлік пунктке шығатын дабыл сигналын беру құра­лымен жабдықтау тұрғындарды қауіпсіз екендігін сезінуге мүмкіндік береді, ал үй үй қосымша инвистициялық қызы­ғушылыққа ие болады.

Мысал:
Жылуды есепке алу құралын және автоматтандырылған жылу пунктін орнатқаннан кейін жылу беру кезеңінде жылуға және ыстық суға төлемдер бірнеше ретке азайған.

2012 жылы Астанадағы Күйші Дина көшесіндегі 37 үйге ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткізілді, нәтиже айқын. Стандартқа сәйкес үш бөл­мелі пәтерге(58,8 ш.м.) жөндеуден кейін тарифтің тө­мендегенін көрсететін келесі мәліметтер ұсынылған.

 Халықаралық тәжірибе

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік және жеке секторлар аясында тұрғын үй-коммуналдық қызметін ұйымдастыруда мол тәжірибе жинақталған.

Көп пәтерлі үйлерді басқару бойынша Шығыс Еуропа елдерінің тәжірибелері көрсеткендей, үй жайды меншік­тенушілері Тұрғын үй меншіктенушілері серік­тестігімен бірігеді (ТМС-қазақстандық КСК ұқсас) және тұрғын үйді пайдалану мен ұстап тұрумен байланысты жұ­мыстардың барлық түрін атқаратын кәсіби сервистік компанияларды конкурстық негізде қызықтырады. Қызмет көрсетудің сапасын қанағаттандырмаған жағдайда басқа сервистік компанияны тарту туралы шешім қабылдайды.

Әлемдік тәжірибедегі аса нәтижелі тәжірибе, ТКШ сала­сындағы мемлекеттік – жеке серіктестіктің (бұдан әрі-МЖС) үлгісі жоғары деңгейде дамуы мен кеңінен қолданылуы ереже сияқты, жоғары дамыған елдерде Батыс Еуропа және Солтүстік Америкада бақылануда. Келешекті экономикалық көшбасшыларға қатысты (Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия және басқалар), сонымен қатар кеңестік кезеңдегі көптеген елдер, олар әзірге МЖС үлгілерінің дамуының сатылары бойынша және қолданудың кеңдігі бойынша да едәуір артта қалуда.
Шетелдік тәжірибе тұрғын үй–коммуналды саладағы МЖС–ң дамуының келесі бағыттарын көрсетеді.

• тұрғын үй қорын ұйымдастыру және пайдалану (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланд, Швеция, Аустрия);

• халыққа тұрмыстық қызмет көрсету: жөндеу қызмет көрсетуін, аула аумағын көріктендіру, тұрмыстық қалдық­тарды жинау, қайта өңдеу және жою (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Канада, Швеция, Аустрия);

• абаттандыру, жинау жұмыстары (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Аустрия, Германия, Бельгия, Канада);

• көліктік қызмет көрсету (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Швеция, Аустрия, Франция);

• жолдарды жөндеу және күтіп ұстау (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Аустрия, Франция, Италия, Бельгия, Латын Америка елдері).

Дамыған мемлекеттердегі коммуналды инфрақұ­ры­лым­дарды мемлекеттік реттеу ТКШ саласының осы немесе басқа да тұтынушылықтың ерекшеліктеріне ықпал етумен терең дамуына ұшырағандығына назар аудару қажет.

Осы елдердегі қабылданған мемлекеттік бағдарламалар тұрғын үйді жалға алушылар мен меншіктенушілерді, жергілікті билік органдарын қызықтыру жолымен тұрғын үй қорының энерготиімділігін арттыруға мақсатталған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − one =