Ақпараттың шынайылығын тексереді

0 190

Елордада Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығы ашылды. Толығырақ, орталық директоры  Еңлік ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА айтып берді.

–Орталықтың мақсаты не?

–Орталық кадрларды іріктеу, қызметкерлерді аттестаттау және скрининг қызметтерін ұсынады. Орталықтың қызметіне көбіне заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік құрылымдар жүгінеді. Мысалы, бұл адамдардың жұмысқа деген ниеті қандай, жұмыс істегісі келе ме, жоқ па, оған жұмыс керек пе деген сұрақтар арқылы жалғандық детекторымен тексеруге болады.

–Орталықта ақпараттың шынайылығы қалай тексеріледі?

–Мекеме полиграфтың «Диана» сериясындағы соңғы үлгісімен жабдықталған. Онда көшпелі және стационар кабинеттер бар. Соңғысында бейнекамералар орнатылған. Бір камера адамның бойын түсірсе, екіншісі – мимикалық қозғалыстарын түсіреді. Ал арнайы тексеру креслосы жаңа құралдармен жабдықталған. Оған қан тамырының соғуын, адамның мимикасын және қозғалысын тіркейтін 7 тетік қосылған. Оған қоса,  полиграфологтарды оқытамыз. Сондай-ақ, тиісті қондырғылар сатылады, толық техникалық сүйемелдеу, кепілді және кепілден кейінгі қызметтер көрсетіледі. Полиграф эмоцияны тексеріп, бәрін толық жазады: көздің қозғалысынан бастап, артериалдық қысымын өлшеуді, адам қозғалып, оның тыныс алуы өзгергенге дейінгі қысымын өлшейді. Сондықтан полиграфты алдау мүмкін емес. Сонымен қатар, орталықта 20 адамға арналған оқу сыныбы ашылды.

–Сыныптың жұмысы не?

–Мұнда білім алып, тестілеу барысын бақылауға болады. Барлық үш кабинет өзара бейнекамералармен, дыбыстық қондырғылармен және бақылау техникасымен байланысқан.

Еркежан Сәтімбек

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × five =