Ақпарат ағыны

0 82

Денсаулыққа дем береді

Астанада жастарға ар­нал­­ған­ он денсаулық ор­та­­лы­ғы­ бар.

Денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы­ның­ мәліметіне сүйенсек, сегіз қа­ла­лық емхана мен салауатты тұр­­мыс­ салтын қалыптастыру ор­­т­а­­лы­­ғында жастарға дә­рі­гер­лер,­ психологтар мен әлеу­мет­тік қыз­мет­кер­лер көмек көр­се­те­ді. Олар ме­д­и­циналық, пси­хо­ло­гиялық, про­фи­лактикалық, әлеу­мет­тік кө­мек­тер­ мен жастарға ақ­па­р­ат-тық қол­дау көрсетеді.

Елордада соңғы ашылған Л.­Н.Гу­милев атындағы ЕҰУ жа­­нын­­да­­ғы­ жас­тардың «Дауа» ден­сау­­лық ор­та­лығы жылына 10 мың­­ сту­дент­ті қабылдай ал­а­ды.­­ Мұн­да жас­ жігіттер мен қыз­дар­ға қажет бол­ған жағдайда ги­не­ко­лог, венеро­лог,­­­­ психолог­ дә­рі­гер­лер тегін ано­­ним­­дік­ қызмет көр­се­теді.

Күндіз оқитындар көп

Астана қалалық Статист­и­ка­ депа­р­­­­­­­­­та­­­мен­т­­­і­­нің­ хабар­ла­у­ынша, ел­ор­­да­­­­лық­ сту­дент­тердің 84,8 пай­ы­зы­­ күн­­­діз­­гі бөлімде оқиды.

Бас қаланың арнайы оқу ор­ын­­­­да­­­р­ын­­­да 30 мыңнан ас­там­ адам­­ бі­лім алуда. Білім жүй­е­сі­­ то­ғыз­ ба­ғыт бойынша жүр­гі­­зі­­ле­­­­ді.­ Ол­ар­дың қа­­та­рын­да­ гу­­ма­­ни­­­­тар­­лық, құ­­ры­­лыс­,­ заң, эко­но­­ми­­калық жә­не­­ ме­д­и­­ци­­на­­лық­ ма­­ман­дықтар бар.­ 2012­-20­13 оқу­­ жылында қа­ла­да­ғы ­тех­­ни­ка­­лық­­ және кәсіби білім бе­ре­тін ұй­ым­дар­ға­ 1441 мұ­ғалім тар­тыл­ған. 138­ шебер өн­ді­ріс­тік дә­ріс­ берсе, оқы­ту­шы­лар­дың 93,4 пай­ы­з­ы­ның білімі жо­ғары.

ТЕМЕКІ ТҮБІМІЗГЕ ЖЕТПЕСІН

Астанада жыл басынан бе­­рі­ 18­ жасқа тол­ма­ған­­дар­­­­ға­­ темекі өнім­де­рін­ са­­­т­­у­­­дың төрт дерегі анық­­тал­­ды.

Қалалық ІІД Әкімшілік по­ли­­ция­ басқармасы «Темекі тү­ті­ні­нен­ арыл­ған Қазақстан» ко­а­ли­ция­сы­мен бірлесіп, тұрақты түр­де­ темекі тар­туды шектеуге ба­­ғ­ыт­­тал­ған про­ф­и­лактикалық іс­-шаралар жүр­­гі­зеді. Қаңтар ай­ы-­нан бері учаскелік полиция­ ин­с­пек­тор­­ла­ры­ жекелеген қоғамдық орындар­да­ темекі шегуге тыйым салу ере­же­сін­ бұзғаны үшін 207 әкімшілік хат­тама толтырған.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 − eleven =