Ақпанның ақ қар, көк мұзы

0 113

Кейінгі екі күнде елорда қалың қарға көмілді. Оған ызғарлы жел қосылып, бұрқасынға ұласты. Бас қалаға кіретін барлық тас жолдар жабылды. Ауа райының күрт өзгергеніне байланысты Төтенше жағдайлар қызметі дабыл жариялап, жұртшылықты суықтан сақтануға шақырды. Ал астананың коммуналдық қызметі болса қарбалас жұмысқа кірісті.

Елордада 8 ақпанда қардан тазарту жұмыстарына 1200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ қар құрсауын аршуға 2 мыңға жуық жұмысшы шықты.
Елордада қар жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде. Бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер, яғни алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. қардан тазартылады.
7 ақпаннан 8-іне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 800-ден астам арнайы техника мен 100-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Өткен тәулікте 39,5 мың текше метр қар шығарылды. 7 ақпаннан 8 ақпанға қараған түні қаладан 20 376 текше метр қар шығарылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − five =