«Ақпанда қыз бермеймін, қыз алмаймын»

0 135

Редакциямызға Торғай Құдашева есімді елордалық зейнеткер қоңырау шалды. Телефон тұтқасының арғы жағындағы дауыстан талай белесті еңсерген әжей екені аңғарылады.

«Мен осы өңірдің тумасымын. Бас­ шаһардың тынысындай бол­ған­ «Астана ақшамы» газетінің тұ­­рақ­­ты­ оқырманымын, қарағым» деп,­ әңгімесін бастаған қарт ана ай­та­­рын былай сабақтады: «Соңғы кез­дері «Ақшамның» әр беті қы­­зық­­ты, тартымды дүниелермен то­лы­ғуда. Мәселен, 29-қаңтардағы са­нынан «Ақпан келер ақырып» де­ген тақырыптағы мақаланы оқып, не­­меремді көп деректермен хабардар ет­­тім. Өзім қартайсам да, қарап отырмай, әр айға байланысты жазбаларды салыстырып, саралай жүретінім бар. Әлгі мақаладағы жазбалар да маған ұнады. Осы орайда газеттің басқа оқырмандарына айтарым бар еді. Әу баста ата-әжелерімнен естігенім ғой. Осы солтүстік өңірдің қазақтары ақпан туғаннан, толысқанша, қыз беріп, қыз алыспайды екен. Бұл жамандыққа апаратын көрінеді. Өйткені, бұл ай дауылды, боранды, желді, қарлы, жауынды келеді емес пе?.. Яғни, ауа райы жайсыз, құбылмалы. Дала тағысы – қасқыр да ақпанда әдеттегіден жиі ұлып, құтыра түседі деседі. Ақпанда құтырған қасқыр адамға шапса, аман қалдыруы екіталай! Табиғатпен етене туыс бабам қазақ бұл ырымға сенген, ұстанған. Сол кездегі ауыл қарияларының сөзі санамда жатталып қалса керек, өткен жылғы ақпанда қызымды айттырып келген құдаларды қайтарып жібергенім бар. Ренжи көрмеңіздер, ақпанда қыз бермеймін, қыз алмаймын да дедім».

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =