АҚМОЛА ШАРУАЛАРЫ АСТАНАДА

0 108

Астанада «Хан шатыр» сауда орталығының алдында Ақмола облысының азық түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл «Қуатты өңірқуатты Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатқан соңғы жәрмеңке.

zharmengke

Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, Ақмола облысының шаруалары елорда тұрғындарына жалпы құны 404 миллион теңге болатын 968 тоннаға жуық өнім әкеліп отыр. «Жалпы Елордаға 70-ке жуық өнім түрін әкеліп отырмыз. 605,2 тонна ет және шұжық өнімдері, 46 тонна сүт өнімдері, 218 тонна көкөніс, 19 тонна балық пен балық өнімдері, 403 мың дана жұмыртқа, 200 тонна картоп, 45 мың литр өсімдік майы және тағы басқа да тауарлар бар. Бағалары астаналық сауда нысандарымен салыстырғанда 15-20 пайызға арзан. Ең бастысы сапалы әрі қауіпсіз. Барлығы Арка төрінің еңбекқор шаруаларының өз қолдарымен өндірген өнімдер» деді Ақмола облыстық азық түлік басқармасының басшысы Балпан Мұрат.

Жәрмеңкеге келушілер ет бағасына қайран қалысып жатты. Әдетте қара базардағы бағасының өзі 1200-1300 теңгеден түспейтін жылқы етін жұрт 1100 теңгеден алып жатты. Сиыр еті 1000, қой еті 950,  қымыздың литрі 600 теңгеден болды. Сонымен қатар жұрт назарын өзіне аударған жәрмеңкеде спорттық шаралар ұйымдастырылып, қымыз, бауырсақ фестивалі болып жатты. Келушілер арқаның бал қымызынан ауыз тиіп, концерт тамашалады. Шара екі күнге жалғасады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты мәдени бағдарлама ұсынбақ. Бүгін сағат 19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында М. Шахановтың «Шыңғыс хан» спектаклі қойылады. Бейбітшілік және келісім сарайында ел Тәуеліздігінің 25 жылдығына орайластырылған Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жетістіктер көрмесі, сондай-ақ ақын, драматург, жазушы Құдайберді Мырзабектің «Жанымның мәңгі көктемі» атты шығармашылық кеші өтеді.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five − 3 =