«AQMOL» – азық-түлік дүкені

0 172

Кеше елордада «Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуі» бағдарламасы аясында «Aqmol» сауда үйі желісінің тағы бір дүкені ашылды.

Азық-түлік дүкенінің ашылу салтанатына Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов пен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысты. Кәсіпорын мамандары қала және облыс басшысын шағын маркеттің жұмысымен таныстырды.
– Бұл дүкен сөрелеріндегі азық-түлік Ақмола облысының тауар өн­дірушілерінен делдалсыз тікелей та­сымалданатындықтан, нарықтағы бағадан 20-45 пайызға дейін төмен болады. Әсіресе, базарға баруға уақыты бола бермейтін тұрғындар үшін бұл дүкен өте тиімді. Сондықтан Ақмола облысындағы серіктестерімізбен сау­да саласындағы осы жобаны әрі қа­рай да дамытатын боламыз. Бұл, бір жағынан, табиғи әрі сапалы өнім өндіретін ақмолалық кәсіпорындарға да ыңғайлы болмақ, – деді қала әкімі Бақыт Сұлтанов тілшілерге берген сұхбатында.
Шағын маркетті аралап шыққан соң ең бірінші болып сауда жасаған қала басшысы дүкен жұмысына сәттілік тіледі.
Бұл – Ақмола облысының Астанада ашылып отырған бесінші шағын маркеті. «Aqmol» сауда желісінің елор­дадағы алғашқы дүкені өткен жылдың желтоқсанында ашылған. Қазіргі уақытта 118 компаниямен жұ­мыс жасайтын сауда желісіндегі 3500 тауардың 800-ін Ақмола облы­сының 30 кәсіпорны жеткізіп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × one =