АҚБЕРБАЕВ АЙЛАСЫН АСЫРДЫ

0 101

photo_42014

Кәсіпқой бокстан IBO Intercontinental тұжырымы бойынша чемпион, қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев Ресейдің Мытищи қаласында кениялық боксшы Моррис Околамен кездесу өткізіп, жеңіске жетті.

Ақбербаевтың қарсыласы бесінші раундтағы нокдауннан соң, кездесуді одан әрі жалғастырудан бас тартты. Сол себепті, оған техникалық нокаут есептеліп, жеңіс Исаның пайдасына шешілді.

Ескерте кетейік, бұл – жерлесіміздің кәсіпқой бокстағы 12 кездесудегі 11-інші жеңісі. Оның сегізін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Кения өкілі кәсіпқой бокста бес мәрте жұдырықтасып, бірінші рет қарсыласына есе жіберіп отыр.

29 жастағы қазақстандық боксшы бұған дейін американдық Энтони Феррантемен Нью-Йорктың «Madison Square Garden» аренасында кездесіп, ұпай санымен жеңіліп қалған болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − fourteen =