«АҚ КӨГЕРШІН» БАЛАПАНДАРЫ ҚАНАТ ҚАҚТЫ

0 333

ERA_0133

Бейсенбі күні №48 «Ақ көгершін» балабақшасында даярлық тобын тәмамдаған балалардың «Қош бол, балабақшам!» атты ертеңгілігі өтті. Қоштасу концертінде тыңғылықты дайындалған бөбектер өздерін түрлі қырларынан көрсетіп, көрермен көңілінен шықты. Ән-күй, бимен қатар сергіту ойындарында да олар алғыр, зерек екендіктерін байқатты. Шағын сахналық қойылымнан соң балабақша меңгерушісі Зәрия Иманбаева аз-кем сұрақтарымызға жауап берді.

– Зәрия Мұсабайқызы, биыл балабақшаңызда неше бала мектепке дайын?

– Екі топтан 57 бала балабақ­ша­мен қоштасты. Кеше «Бал­дыр­ған» тобында осындай шара болып, 27 көгершініміз түлеп ұшса, қалған «Бәйшешек» тобын­­дағы балалар бүгін бақша­дағы соңғы күнін тамаша ертең­гі­лік­пен өткізіп, жарқын сәттері­мен көрерменнің есінде қала білді деп ойлаймын. Тағы айта кетер­лігі, «Біз мектепке барамыз» акция­сы аясында мектепке бара­тын бүлдіршіндер оқу құрал-жаб­дық­­та­рымен қамтамасыз етілді.

Балабақшада барлығы 7 топ бар. Балаларды 2 жастан бастап қабылдаймыз. Балабақшаның ашылғанына биыл төрт жыл болды. 2010 жылы «Балапан» бағ­дар­ла­масы көлемінде күрделі жөн­деу­ден өтіп, мамыр айында ашылған. Біздің «Кампус» тұрғын үй кешенінде орналасқан шағын орталығымыз бар. Онда 4 топты тәрбиелейміз.

– Жаңа сахнада кішкентайлар керемет билерімен қоса Асылбек Еңсеповтің «Концерт» күйін домбырамен үйлестіріп өзге ұлттық аспаптарда тамаша орындады. Өнерге баулитын қанша үйірме жұмыс істейді?

– Бізде үйірме жете­к­­­ші­­лері штат кестесіне енгі­­зіл­­меген. Сон­дық­тан барлық үйір­мелер – ақылы. Яғни, ата-аналар баласын қалауымен домбыра, би, фор­те­пиано үйірмелеріне бере алады. «Дарын» орталығының мұрын­дық болуымен Дәрмен Сәдуа­қасов атындағы «Шахмат» мекте­­бінің ұстаздары «ақыл-ойдың гимнас­­ти­касына» осы жерге келіп жат­тық­­тырады. Ата-аналарға да қолай­лы, себебі, балаларын балабақ­­ша­дан тыс түрлі үйірмеге апарып әуре болмайды.

– Қандай жетістіктеріңіз бар?

– Астанада жыл сайынғы балабақ­шалар арасындағы «Жұлдыз­ды жол» олимпиадасына ұдайы қатысып келеміз. Аталмыш шара қалалық «Дарын» орта­лы­ғының ұйымдастыруымен өтеді. Осы олимпиадада үш жыл қатарынан жүлделі болдық. 2012 жылы 2-орынды, былтыр және осы жылы 3-орынды иелендік. Жолда жүру ережесіне байланысты өткізелетін брейн-рингтерден де құр қайтқан емеспіз, 3, 1 орындармен бірге түрлі аталымдағы дипломдармен марапат­талдық.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − one =