АҚ ХАЛАТТЫЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

0 179

коррупция(5)

Кеше Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық гос­питальде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бо­йынша
отырыс болды.

Жиын барысында мекеме басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айжан Ноғайбаева сөз сөйледі. Ол ар тазалығы мен жоғары адамгершілік ақ халатты жандардың бойынан табылатын ең ізгі қасиет болуы керектігіне тоқталды.

Мекемедегі кәсіподақ ко­митетінің төрағасы Марат Төлеубаев сыбайлас жем­қорлықтан таза жерде еңбек­керлердің құқын қорғап, жалпы жұмысшыларға жағдай жасау жеңілірек болатынын айтты.

Шара барысында қоғам­дағы сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы сананы қалып­тас­тыруға бағытталған медиа-жоспар әзірленді.

Н.САЙЛАУҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 3 =