АПТАНЫҢ ЖАЛҒАН АҚПАРЫ

0 78

Сейсенбі күні сағат 13:20 шамасында Астана қалалық Ішкі істер департаментіне «Цеснабанк» ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығы туралы ақпар келіп түсті.

Оқиға орнына көп ұзамай Астана қалалық ІІД-нің тергеу-жедел тобы, ҰҚКД, прокуратура өкілдері, ІІД-нің «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері келіп жетеді. 300 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, ғимараттың бөлмелері түгел тексеріледі. Бірақ, қауіпті табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі сағаттан соң телефон арқылы жалған хабарламаны таратқан 1998 жылы туған өскемендік жасөспірім қолға  түсті. Ол өз кінәсін мойындады. Аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − eight =