Аптаның ресми аңдатпасы

0 129

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев дүйсенбі сайын өтетін дәстүрлі брифингте алдағы күндерде елімізде болатын айтулы шаралар жөнінде айтып берді. Осы жолы журналистермен кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Тамара Дүйсенова және ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Гүлбану Айманбетова қатысып, өз салаларына байланысты сауалдарға жауап берді. 

Кәсіпкерлер кеңеседі

10 сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің отырысын басқарады.
Отырыста «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елдегі іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту және Қазақстан бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері қарастырылмақ.

Премьер-министр Батыс Қазақстанға барады

Бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында былтыр жүргізілген ауыл шаруашылығы мақсатын­дағы жерлерді түгендеу жұмыстарының қоры­тын­­дысы әңгіме өзегіне айналады.

Ал 12 сәуірде Үкімет басшысының Батыс Қазақстан облысына сапары жоспарланып отыр.

Премьер-министрдің Бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев 11 сәуір күні жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барады.

12 сәуір – халықаралық ғарыш күні

Халықаралық ғарыш күніне байланысты 10-11 сәуір күндері елімізде Жерді қашықтықтан зерттеудің алғашқы қазақстандық серігін іске қосуға арналған «Қазақстандағы ғарыш күні» атты халықаралық семинар өтеді.

Жиынның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі, Еуропалық EADS концернінің құры­лым­дық «Astrium» француз компаниясы­ және «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компа­ния­­сы» акционерлік қоғамы.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − five =