Аптаның facebook пікірталасы

0 107

Қайрат Жолдыбайұлы, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы:

Ассаламу алейкум қадірлі достар! Сіз­дер­мен бір мәселені бөліссем, ақылдассам дей­мін. Қазақстан мұсылмандары діни бас­­қармасы 100 пайыз мемлекеттік тіл­­де жұмыс істейді. Барлық іс қағаздары қазақ тілінде. Республикадағы барлық мешіттердегі жұма уағыздары қазақ тілінде. Алайда мешітке келетін кейбір жас­­тардың көзінен, сөзінен қазақ ті­­лін­де айтылып жатқан уағыздарды тү­­­­сін­­бейтіндігі байқалады. Тіпті түр­­лі теріс ағымдарға өтіп кеткен жас­­тар­­дың көпшілігі – осы қазақ тілін толық түсінбейтін орыс тілді жастар. Керісінше жат ағымдар уағыздарын көбіне орыс тілінде жүргізеді. Енді не істемек керек?! Ұсынысым, жастарымызды түрлі ағымдардан арашалап қалу мақсатында мешітімізде айына бір рет маңызды тақырыптардағы жұма уағызын орысша айтсақ.  Бұған жұрт қалай қарайды? «Тіл» деп жүргенде кей жастарымыздың басқа ағымдарға еріп кету қаупі басым ғой.

ПІКІРЛЕР:

Берік Шералыұлы:
– Маған десең нағып қытайша сөйлемейсіңдер?! Мен тіліміздің сақталуын уайымдаймын. Ертең Заңға өзгеріс енсінші «тек қана қазақ тілі» деп. Шүлдіреп жүргендердің бәрі қазақша сайрап шығады… Тәлпіш әшейін, солардың кесірінен ел бола алмай жүргеніміз. Ал қазақ тілді намазхандар ше? Оларға Өзбекстаннан, Ауғанстаннан келіп қазақша уағыз айтады, сосын олар да «өй біздің мешіттің имамдары орысша сөйлейді. Не айтып жатқанын Құдай білсін» деп басқа ағымға еліктеп кетсе қайтесің… Өзіміз өзімізді құртпайықшы, менің айтатыным сол.

Дүкен Мәсімханұлы:
– Қайрат бауырым! Алла жұмыстарыңа береке берсін! Ұсынысың өте орынды. Айына бір рет жұмадағы уағыздың орысша айтылуымен қазақ тілі ақсай қоймас. Дегенмен, сол орысша уағыз болатын жұмаға орыс тілді ағайындарды (өзге ұлт өкілдері мен өзіміздің қара көздерді) көбірек келтірудің механизмдерін жақсылап жасау керек деп ойлаймын.

Айнұр Омар:
– Өте орынды мәселе. Менің байқауымша, өзге діни ағымда «браттап, сестралап» жүргендер – осы орыс тілді қазақтар. Қазақ тілі бір аптада бірнеше минут орыс тілінде уағыз айтқаннан ақсап қалмас.

Арсланбек Қалибек:
– Егер Алла жолында ниеттері шын болса, сол уағызды түсіну үшін неге осы тілді үйренбеске?! Орыс тілділерді дінге шақыру дұрыс шығар , бірақ бұндай жолмен емес деп ойлаймын. Алла жолында тіл үйренбесе , арғысын айта алмаймын. Шынын айтқанда, орыс тілінен жауыр болдық. Ауылдан келген жастарымыз орыс тілін білмесе, ол бейшаралар «ЖҰМЫССЫЗДАР» қатарында. Ең болмаса, осы Алла үйінде, өз елінде екенін (екенімізді) сезінсе деймін. Бұл – менің жеке пікірім. Рахмет.

Қанат Доғалов:
– Өз басым бұл ұсынысты құптаймын! Неге десеңіз, Алла Тағала адамдарды ұлт пен ұлысқа, тіл мен болмыс-салт-дәстүрге бөліп жаратқан. Сондықтан асыл дінімізді насихаттауда қажетті шарттардың шектен шықпайтын жолдарын қарастырып, керек болса, тек қана орыс емес, Астанамызда шетелдіктер бар, соларға арнап сирек те болса ағылшынша болса, артықтық етпес деп ойлаймын.

Болатбек Дүйсекен:
– Қазақтарды орыс тілі арқылы құтқару қайдан шыққан мәселе? Бара-бара қытайша уағыз тыңдайтын шығармыз? Елімізде қара қытай қаптап жатыр.

Гүлмира Аймағанбет, Әділбек Жапақ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − five =