Аптаның есеп-қисабы

0 128

Жыл басынан бері Астана қаласындағы жұмыспен қамту қызметіне 12 508 адам келсе, олардың 7928-і (63,3 пайызы) нәзікжандылар екен. Ал, 59,7 пайызы немесе 7474 адам – 14 пен 29 жас аралығындағы қыз-жігіттер.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебінше, жұмыс іздеп келген 1114 адам «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысушылар құрамына енгізілген.

Бұған қоса, басқармада елорданың 439 жұмыс берушісінен 737 бос жұмыс орны бар. Жұмыс берушілер тарапынан талап етілетін мамандықтардың дені – техникалық жұмысшылар мен құрылысшы мамандықтары, жол жөндеу жұмысшылары, қара жұмысшылар, монтажшылар, электршілер, газбен, электрмен дәнекерлеушілер, сантехниктер, слесарьлар, арматурашылар, токарлар мен түрлі өнеркәсіп саласының инженерлері. Сондай-ақ, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, даяшы, аспаз секілді мамандықтар да үлкен сұранысқа ие.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =