Аптаның айтулы шаралары

0 102

Дүйсенбілік дәстүрлі брифингте Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев алдағы уақытта елімізде өтетін мемлекеттік маңызды шараларға тоқталды.

Елімізге Финляндия президенті келеді

Алтай Әбибуллаев 17 сәуірде елімізге тұңғыш рет Финляндия Президенті Саули Ниинис­тём рес­­ми сапармен келетінін мә­лім­­деді.

Сапар барысында Қазақстан-финдік қарым-қатынастардың жай-күйі мен­ бо­­ла­­шағы талқы­­ла­­на­­ды. Екі елдің көшбас­шы­­­лары өзара келіссөздер жүргізіп, осы сапар аясында өтетін «жасыл» экономика мен оны жаңғырту жөніндегі форумға қатыспақ.

Жиында Финляндияның инно­ва­­циялық және экологиялық тех­­­но­­ло­гия­­ла­­рының таза түрлерін еліміздің тә­­­­жірибесіне енгізу мәселесі күн тәртібіне шы­­ға­­рылады.

Жапониямен парламентаралық байланыс

18-19 сәуірде Қазақстан Республикасы Пар­ла­­менті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Жа­­по­­ния­­ға жұмыс сапарымен ба­ра­­ды.
Сапардың негізгі мақсаты – екіжақты пар­­ла­­мен­­та­­ралық ынтымақтастықтың ны­­ғай­­ту жолдарын тал­­қылау.

Сенат төрағасы Жапонияның іскер және қо­­ғам­­дық­­ топтары алдында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы мен еліміздің даму үлгісі ту­­ралы сөз сөйлейді деп күтілуде.

Инновациялық жобалар талқыланады

Алтай Әбибуллаев үкіметтік деңгейде де бірқатар шаралар болатынын алға тартты.

Сөзін бүгін болатын министрлер каби­­не­­тінің отырысы төңірегінен бастаған ол жиында «Болашақ» халықаралық пре­­зиденттік бағдарламасын іске асыру мә­­селелері әңгіме өзегіне айналатынын жет­­кізді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов егжей-тег­­жей баяндама жасайды.

16-17 сәуірде Үкіметтің қолдауымен Қа­­зақ­­стан машина жасаушыларының форумы өтеді.

– Мемлекет жүзеге асырып отырған үде­­мелі индустриалды-инновациялық бағ­­дарламасы басым бағыттарының бірі – ма­­шина жасау саласы. Осы орайда, Қа­­зақ­­станның машина жасаушыларының форумы – мемлекет, бизнес және ғылым са­­ласының тиімді өзара түйісуі мен әрекет­­те­­суінің қолайлы алаңы болып табылады, – дейді ресми өкіл.

Ал 18 сәуір күні Премьер-министр Се­­рік Ахметов «Жұмыспен қам­ту-2020» бағ­дарламасының іске асы­­рылу мәселелері бо­­йынша кеңес өткізеді.

Жиын «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасының жай-күйі, халықты жұмыспен қамтудың тиімді іс-шаралары жөнінде өрбиді.

17 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірін­­ші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Оң­­түс­­тік Қазақстан облысына жұмыс са­па­­ры жоспарланған. Бұдан кейін ол 18-19 сәуірде, Астанада өтетін «Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық – ЕХРО 2013» халықаралық көрмесіне қатыспақ.

Форум барысында коммуналдық бас­­қа­­ру­­дың үздік тәжірибесі мен қуат көздерін үнемдеу технологиясы мен инновациялық тәсілдер кеңінен талқыланатын болады.

***

Брифингте Қазақстан Ассамблеясы­ төра­­ға­­сының орынбасары – Ассамблея хат­шы­лы­­­ғының меңгерушісі Ералы Тоғ­жа­­нов және ҚР Статистика агенттігінің тө­­рағасы Әлихан Смайлов қатысып, жур­­на­­листердің сұрағына жауап берді.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 6 =