АПТАНЫҢ АЙШЫҚТЫ УӘЖІ

0 82

Орыстар Қазақстанға өркениетті әкелді деу дұрыс емес. Орыстардың өздері, мәселен, оларға орыс мемлекеті қалыптасуында ең алдымен викингтер, сонан кейін татарлар басты рөл атқарды десең, өкпелейді. Осылай деп айтып жүргендер 1917 жылы іс жүзінде екі ірі федеративті мемлекет – Ресей мен Түркістанның болғанын біле ме екен?
Ал Түркістанды нақ осы қазақтар – Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев және басқалар басқарғанын ше? Кеңес өкіметі Түркістанда Ресейден бұрын (бірнеше айға) орнағанынан хабардар ма? Тіпті Түркістанды дербес мемлекет ретінде Лениннің өзі мойындап, мақұлдағанын біле ме? Сол кездің өзінде бұл территориясы жағынан Ресейден де асып түсетін: бүкіл Орта Азия мен Шығыс Түркістан (қазіргі ҚХР Ұйғыр Шыңжаң өлкесі) соған кіретін. Одан басқа Ресейдің барлық түркі автономды республикалары (олардың саны оннан асады), Кавказ бен Поволжье ашықтан-ашық Түркістанның құрамына өткісі келген.

Ермұхамет ЕРТІСБЕВ,
ҚР Президентінің кеңесшісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − thirteen =