АПТАНЫ АЙШЫҚТАЙТЫН ШАРАЛАР

0 145

Осы аптада Үкімет басшысы Серік Ахметовтың төрағалығымен «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін дайын­дау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өт­пекші.

Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкіл «ЭКСПО-2017» көр­­ме­­­сінің елімізде ұйымдастырылуы Қа­­­­­­зақстанның табыстары мен же­­­­тіс­­тік­­терін халықаралық қоғамдас­тық­тың мойындауы екендігін айтып өтті.
Орталық коммуникациялар қыз­ме­­тінің ақпары бойынша аптаның тағы бір айшықты оқиғасы ретінде халық қалаулыларының ЕҚЫҰ Пар­ла­­­­мент­­­тік ассамблеясының сессиясына қа­­тысуын атап өтуге болады.

21-22 ақпанда Парламент Се­­на­­­­­ты­­ның­ халықаралық қарым-қа­­тынас­­тар, қорғаныс және қауіп­сіз­дік комитетінің төра­­ғасы Икрам Адырбеков баста­­ған­­ делегация Венадағы ЕҚЫҰ Парла­мент­тік ассамблеясының қысқы ХІІ сессиясына қатысады.

Бұл жиында қауіпсіздік пен сая­сат, экономика, ғылым, технология,­ қоршаған ортаны қорғау, адам құқы­ла­ры,­ гуманитарлық мәселелер кеңінен тал­қыланбақшы.
Сондай-ақ, Сенат қабырғасында «Ша­ғын және орта бизнестің да­­му тұрғысында «Жұмыспен қам­ту-2020» мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сы­ның­ іске асырылу барысы туралы» дөң­­гелек үстел өтеді.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × one =