АПТАДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС

0 85

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып гене­рал-майор Мейрам Қабденұлы Ысқақов тағайындалды.

Мейрам Ысқақов бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс департаментінің директоры болып жұмыс жасаған.

ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «ТЖ жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар қызметіне еңбек сіңірген қызметкер», «Байланыс әскерлеріне 90 жыл», «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің құрмет грамотала­рымен марапатталған.

Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Жұмабай Ескендіров зейнет демалы­сына шықты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − two =