АПТА

0 82

АПТА ЗЕРТТЕУІ

Бұдан былай «Face­book»­ әлеуметтік желісі ар­қы­лы монитордың ар жа­­ғын­да отырған адам туралы­ мә­лі­метке­ оңай қол жеткізуге бо­ла­тын кө­рі­неді.

Кембридж универ­си­те­ті­нің ға­лым­дары зерттеу жүр­гі­зіпті. Ад­ам­дар­­дың же­лі­ні қалай пай­да­­ла­­на­­ты­нын бақылап оты­ра­тын­ ком­пью­тер­­лік­­ бағ­­­дар­­ла­ма­­лар­­дың­ кө­ме­гі­мен жет­кі­лік­ті­ ақ­па­рат­ жи­нақ­тау­ға­ бо­ла­­­ды екен. Тіпті, мұндай бағ­­дар­­ла­­­ма­­­лар­ «Facebook»-ты пай­да­ла­­ну­­­­шы­­­­лар­­дың­ жынысын, олардың есірткіге тәу­ел­ді ме, жоқ па, сондай-ақ, ата­-аналарының қандай некеде екендігі туралы жа­бық­ ақ­па­рат­ты да айқындауға қау­қар­лы көрінеді.

Атап айтқанда, зерттеу­ нә­­ти­­же­­­сі­ ад­ам­дар­дың діни наным­да­­ры­­­ мен­ саяси көз­қа­ра­сы туралы­ мә­­лі­­мет­­тер­ді – 80 пайыз, нәсілі ту­­ра­лы­ ақ­па­ратты – 95 пай­ыз,­ аза­мат­тың тұрпаты мен эмоциялық тұрақтылығын 62-75 пайыз дәл­дік­пен көрсетіпті.

АПТА АНЫҒЫ

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде Kcell, Activ абоненттері 148,4 млн рет қоңырау соғып, 16,5 млн СМС хабарламаларын жіберіпті.

Жолданған СМС хабарламаларының саны жай күндермен салыстырғанда 3,3 есеге өсті. Ал, хаттардың жеткізілу жыл­дам­дығы 9 секундқа тең болыпты.

АПТА ҰСЫНЫСЫ

Осы аптада құқық қорғау жүйе­сін­ жаңғырту бағдар­ла­ма­­сы­ның жобасын талқылауға ар­нал­­ған дөңгелек үстелде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мас­кү­нем­дікпен және қайыршылықпен күрес жүр­гі­зе­тін әкім орынбасары лауазымын енгізуді ұсынды.

Егер өзгертулер мен толықтырулар енгі­зіл­ген бағдарлама күшіне енсе, учаскелік инспек­тор­лардың жұмысы жеңілдей түседі. Өйткені, ішімдікке салынған, қайыр-садақа сұраумен айналысатын жандармен жергілікті әкімдіктер күресетін болады.

АПТА СЫНЫ

Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«Елімізде тіркелген 2783 басы­лым­­ның 574-і ғана қазақ тілінде. Қазақстандағы дүңгіршектерде ресейлік 1025 газет-журнал, яғ­ни,­­ біздің мемлекеттік тілімізде шы­ға­тын­ бас­па өнімдерінен екі­ есе­ ар­тық өнімдер сатылады.­ Ол­ар­­дың басым көпшілігі біздің бол­мы­сы­мыз­ға мүлдем жат басылымдар еке­нін ешкімге дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. Олармен шарт­ жа­сас­қан «ҚазПресс», «Қазпошта» ба­сы­лым­дар­дың мазмұнына қарап жатқан жоқ. Өткен 2012 жылы бірнеше ай бойы еріктілердің жәр­де­мі­мен анықтағанымыз: Астана­ және Алматы қалаларындағы ірі сауда орындарында, орталық кө­ше­­лер­­де­гі, әуежай, темір жол вок­за­лы, автобус тұрақтары мен аял­­дамалары сияқты халық көп шо­ғыр­ланған жерлердегі газет-жур­нал дүңгіршектерінің көбінде мем­лекеттік тілдегі басылымдар­ са­тыл­май­ды. Кейбіреуі қазақ ті­лін­де­гі басылымдарды сатуға мүд­де­лі еместігін ашық айтып, олар­ды­­ са­­ты­­лым­ға­ қа­был­да­май­ды. «Не­­лік­­тен­ қазақ газеттері жоқ?» де­ген­ сұ­рақ­қа «оларды ешкім алмай­ды,­ сұ­ра­ныс аз» немесе «бізге қа­зақ­ ба­сы­лым­да­ры берілмейді» де­ген­ негізсіз уәж айтады. Осылай­ша,­ нарықтық жүйені сылтау ет­кен­дер қазақ тілінде оқитын оқыр­ман­дар­дың­ құқығын бұзып отыр».

АПТА АПАТЫ

Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттарды ескерту мен жою жөніндегі басқармасы осы аптада қалың қардан Астанада тағы бір нысанның шатыры опырылып құлағанын хабар­ла­ды.

Орлыкөл көшесіндегі «Астана Конструктив» ЖШС-не қарасты станоктар мен металл жабдықтары ор­на­лас­қан орынжайдың 1440 шар­шы­ метр­лік шатыры қыс бойы та­за­­лан­­баған қарды көтере алмай­ ор­та­сынан түс­кен.­ Басқарма бас­ты­ғы Тимур Әбжановтың ай­туын­ша,­­ тө­тенше жағдай орын алған ғи­ма­раттан адамдар дер кезінде шығарылған. Зардап ше­гу­­шілер мен құрбан болғандар жоқ. Алайда, ғи­ма­рат шатырларының қалың қарға шыдас бер­мей, опырылып түсуі ай басынан бері қалада осы­мен екінші рет қайталанып отыр.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + nine =