АПТА ЖАҢАЛЫҒЫ

0 110

Қазақстандық режиссер Жәнібек Жетіруов Мәскеу мұрағаттарынан Сәкен Сейфуллиннің кино таспаға түсірілген бейнесін тапты.
Таспада Сейфуллиннің екі жолдасымен жиналыс кезінде қол шапалақтап, өзара сөйлесіп тұрған сәттері бейнеленген екен. Сәкен Сейфуллиннің жанындағы адамдардың кім екені әзірге анықталған жоқ.

Біздің бір білеріміз – ақынның артында қалған мұраларының арасында фотосуреттерінен өзге бірде-бір бейне кадры болған емес. Сондықтан бұл жаңалықты қазақ қоғамы үшін үлкен оқиға деуге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 2 =