Апта жаңалығы

0 117

Астанада «Күн шатыры» деп аталатын ғылыми бағдарламаның алғашқы пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Күн энергиясын пайдалана отырып, оны электр энергиясына айналдыратын қондырғы Еуразия ұлттық университеті ғимаратының шатырына орналастырылды.

60 шаршы метр жерге орнатылған 42 панель арқылы оқу орнындағы бірнеше дәрісхананы электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туып отыр. Құрылғы 10 кВт қуат күшімен сағатына 12.350 кВт көлемінде энергия өндіре алады екен.

«Күн шатыр» Қазақстан мен Германияның біріккен жобасы ретінде жүзеге асырылып отыр.

Германиялық мамандардың айтуынша, жаңа технология көмегімен қоршаған ортаны ластау бірнеше есеге азаяды. Бағасы да қолжетімді. Соңғы 5 жылда мұндай шатырлардың құны 80 пайызға арзандаған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 3 =