©2020 Астана Ақшамы
АПТА ЗЕРТТЕУІ
ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша астаналық көлік жүргізушілер жол жиегіне қоқысты жиі тастайды екен.
Жол полицейлері демалыс күндері 1175 жол қозғалысы бұзушылығын анықтапты.
Ең көп тәртіп бұзушылық осы жол жиегіне қоқыс тастауға байланысты орын алған. Айталық, хаттамалардың 173-і – жол жиегіне қоқыс тастау, 165-і – көлікті басып озу, 90-ы – ұялы телефонды пайдалану, 91-ы – жылдамдықты арттыру, 85-і – жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзуы, 42-сі – жаяу жүргіншілер жолын кесуі, 26-сы – жолдың қарсы бетіне шығу дерегі бойынша толтырылған.
Шынар ДОСАН