АПТА ҮЗДІГІ

0 101

«TNS Gallup Media Asia» зерттеу компаниясының осы аптада таратқан ақпары бойынша, «Қазақстан» ұлттық арнасы телевизиялық аудиториясы жағынан еліміздегі көшбасшы телеарна атанды.

Тұрғын халқы 100 мыңға жетпейтін қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында зерттеу жүргізген компания өкілдері Ұлттық арнаның тек қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудиторияны жинау жөнінен өзге телеарналардан оқ бойы озық тұрғанын айтады.

«6+»бағамы (6 жастан жоғары) қазақ және орыс тілді көрермендер арасында, яғни, барлық телевизиялық аудитория бойынша 23 пайыз үлес салмақпен өзге телеарналардың алдына шығып, жетекші орынды иеленді.

Ұлттық арна рейтингінің өсуіне арнадағы ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік, танымдық хабарлар, мегажобалар мен қызықты телехикаялардың халық көңілінен шығуы әсерін тигізді.

100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын арна осылайша, алты жастағы баладан бастап барлық көрермендердің, өзге ұлттардың арасында да үлкен сұранысқа ие екенін дәлелдеп отыр.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 16 =