Апта үздігі

0 119

Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) жыл сайын өздерінің theibns.org. сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың үздік банкнотасын таңдайды.
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің осы аптада таратқан мәліметі бойынша, аталған қоғамдастық Қазақстан Тəуелсіздігінің 20 жылдығына арнап шығарылған 10 мың теңгелік Қазақстанның ескерткіш банкнотасын «2011 жылдың үздік банкнотасы» деп таныпты.
Халықаралық банкнота қоғамдастығы əлемнің ондаған жаңа банкнотасының ішінде Қазақстанның банкнотасын жеңімпаз ретінде таңдай отырып, купюраның дизайны мен идеологиясын, оның техникалық тұрғыдан орындалуы мен қорғалуын үздік деп тапқан.
2011 жылы шығарылған бұл банкнотаның дизайнын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дизайнерлері шетелдік əріптес De La Rue компаниясымен бірлесіп жасаған болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 17 =