Апта ұсынысы

0 81

Елімізде ғылыми аударма институтын құру қажет.

Аударма ісі қай заманда болмасын халықтың рухани өмірі мен ғылымы үшін өте маңызды саналған.
Кеңестік заманда қазақтың ғылыми аудармасы біршама оң жолға қойылған болатын. Ғалым-аудармашы мамандар коммунистік идеология негізін құраған Маркс, Энгельс, Ленин шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Аударманың сапасы өте жоғары болды.
2003 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынып, көп жұмыс атқарылды. Бағдарлама шеңберінде шетел тілдерінен біраз еңбектер аударылды. Алайда аударма жеке мектеп болып қалыптаспады және аударылған шығармалар сапасы да көңілдегідей болмай шықты.
Қазір әлемдік деңгейде жазылған шығармалармен тек орыс тілінде таныса аламыз. Ағылшын, француз, неміс ғалымдары мен саясаткерлерінің жазған еңбектері орыс тіліне шапшаң аударылып, жұртшылыққа тез арада ұсынылады. Қазақ тіліндегі ақпарат көздері де осындай деңгейде болса екен.

Ғарифолла ЕСІМ,
Сенатор

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =