АПТА САУАЛЫ

0 65

Осы аптадағы Үкімет отырысында «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы қабылданды.
Мемлекет 2020 жылға дейін халықты миллиондаған шаршы метр тұрғын үймен қамтамасыз етпекші. Бірақ, не бюджет, не мемлекеттік санатқа жатпайтын, жалақысы мардымсыз журналистер қауымы үшін бұл бағдарламамен баспаналы болудың ауылы алыс тәрізді.
«ТӨРТІНШІ БИЛІК» ӨКІЛДЕРІН ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТУДЫҢ ӨЗГЕ ҚАНДАЙ ТЕТІГІ БАР?

Серік НОКИН,
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы:

– Жеке сала өкілдеріне арнап бөлек баспана сала алмаймыз, оған арналған қаржы да жоқ. Бұған дейін журналистер шетте қалды деген мәселе көтеріліп еді. Енді олар екі бағыт бойынша, атап айтқанда, «Жас отбасы» және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ақша жинақтау арқылы қатыса алады.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
Парламент Сенатының депутаты:

– Журналистердің жанын қинайтыны жалақының аздығы ғой. Кредит берілмейді, ипотекаға мүлде маңайлай алмайды. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бір де бір категориясына енбей қалды. Журналистер дәп бір ауа мен жердің ортасында қалқып өмір сүруі керек сияқты. Бұл өзге саланың мамандарында да кездесетін мәселе шығар. Бірақ, журналистердің жайы маған жақсы таныс болғандықтан айтып отырмын. Халық қалаулылары Үкіметтің алдына осы мәселені шығарғанбыз. Бір шешімін тауып, жауабын беруі тиіс. Журналистерді «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының бюджет немесе мемлекеттік қызметкер санатына енгізсін. Я болмаса, орташа жалақысы 80-90 мың болатын журналистерге ипотека беретін болсын. «Төртінші билік» деген мәртебесі бар емес пе, бұл мәселені тілшілер қауымы өздері бірауыздан көтеруі керек. Әрине, мемлекет тек журналистер үшін бөлек бағдарлама жасап бермесі анық. Ол мүмкін емес нәрсе. Журналистикада 30 жыл жүрген жанның әлеуметтік жағдайы жекеменшік мекемелер мен ұлттық компанияларда үш жыл істеген жанмен салыстыруға мүлде келмейді. Біз айғайламай, байбалам салмай осы мәселеге биліктегілердің көзін жеткізуіміз керек. «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистер өз мүддесін қорғау керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 15 =