АПТА САПАРЫ

0 58

Осы аптада Қазақстан Республикасы­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұ­мыс сапарымен Испания Корольдігі­не барды.
Мадридтің «Барахас» әуежайында Мемлекет басшысын Испания Корольдігінің Сыртқы істер және ынтымақтастық ми­нистр­лігінің Мемлекеттік хатшысы Гон­са­ло де Бенито қарсы алды.

Сапар барысында Президент Испания Королі I Хуан Карлоспен кездесті.

Тараптар екі елдің мәдени-гуманитарлық және ту­ризм мен халықаралық саясат саласындағы өзара іс-қи­мы­лы мәселелерін қарады.
Қазақстан-Испания қатынастарын нығайтуға және дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін I Хуан Карлос Қазақстан Республикасының жоғары наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахоймен, «Patentes TALGO S.A.» компаниясының пре­зиденті Карлос Паласио Ориольмен, «Эйрбас Ми­литари» компа­ниясының басшысы Доминго Уренья-Расомен кездесті.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвести­циялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәсе­лелері талқыланды. Сондай-ақ, ха­лықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Президенттің сапары одан әрі Ресей Федерациясында жалғасты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұнда Ресей Федерациясының Президенті Влади­мир Путинмен екіжақты кездесу өткізіп, сауда-эконо­мика­лық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара іс-қимыл жайын талқылады.

Шынар ДОСАН 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + two =