Апта сапары

0 75

Осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан  Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды. Сапар аясында ол ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты.

Сессия барысында Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан басшылары Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жауапкершілігі аймағындағы халықаралық жағдайдың өзекті мәселелерін талқылады. Ұйымның өткен кезеңдегі қызметінің қорытындылары шығарылып, 2013 жылға арналған негізгі міндеттері анықталды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекет басшылары 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды, сондай-ақ, бірқатар өзге шешімдер қабылданды. Ұйым қабылдаған тәртіпке сәйкес, кезекті сессияаралық кезеңдегі төрағалық Қырғыз Республикасына ауысты.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі отырысы 2013 жылы мамыр айында Бішкек қаласында өтетін болады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі жақты ынтымақтастықты дамыту барысын, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Бірқатар ресми құжаттарға қол қойды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 5 =