АПТА ОТЫРЫСЫ

0 78

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң төрағалығымен Шетелде қадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның кезектi отырысы өттi.
Бүгiнге дейiн «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8000-ға жуық талантты жасқа стипендия берiлдi.
Бiлiмге жұмсалған қаржының өтеусiз болмайтыны дәлелдендi. «Болашақтың» алғашқы легiмен халық¬аралық қатынас, экономика, қар¬жы саласындағы халықаралық деңгейдегi мамандардың бастапқы буыны даярланды.
Түлектер қазiр түрлi салада тер төгiп жүр.
Әйтсе де, бағдарлама түлектерiн ел аумағы бойынша бөлуде аймақтық үйлеспеушiлiк мәселесi әлi де бар. Қазiргi таңда «Болашақ» бағдарламасы түлектерi жартысынан көбi Алматы және Астана қалаларында жұмыс iстейдi екен.
Комиссияның бұл жолғы отырысында ауылдан шыққан, елдiң жайын бiлетiн жалынды жастарды шетелде бiлiм алуға көптеп тарту қажеттiгi сөз болды.
Биылдан бастап ғылыми орталықтар мен мекемелердiң қызметкерлерiмен бiрге президенттiк стипендия бойынша шетелдiк тағылымдамаға педагогтар, инженерлiк-техникалық және медициналық қызметкерлер де жiберiлмекшi.
Бұл үшiн бiрқатар мамандықтардың тiзбесi бекiтiлдi. Биыл 1186 стипендия бөлу жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 16 =