©2020 Астана Ақшамы
Апта ортасы суытады
«Қазгидрометтің» болжауынша, осы аптада елордамыз Астанаға едәуір қар түскелі тұр. Ертең ауа райы түнде – 22 градус, ал күндіз – 17 градус болып,таңертеңнен бастап жапалақтап қар жауатыны айтылады.
Бейсенбі күні аспан бұлтты болып, түнде – 23, күндіз – 21 градус суық сақталып тұрмақ. Ал жұмада күндіз тағы да қар жауады деп болжанып отыр. Сенбіде ауа райының температурасы – 15 градусқа дейін төмендесе, жексенбі күні тағы да қар түседі деп күтілуде.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ