АПТА ОҚИҒАСЫ

0 91

Ел естiмеген сұмдық

Семейдегi дүкен сөрелерiнде Алланың атын жамылған арақ сатылымға түсiптi. «Алладан басқа жеңушi жоқ». Сайтан судың сыртына араб әрiптерiмен дәл осылай деп жазылған. Мұны имамдар да растап отыр. Бұрын-соңды болмаған мұндай сұмдық ел мұсылмандарының наразы-лығын тудырды.
Осы аптада орын алған даулы оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы мұндай сорақы қателiкке қандай себеппен жол берiлсе де, кiнәлiлердiң ауыр жазалануын, зауыт басшыларының Қазақстан мұсылмандары алдында кешiрiм сұрап, Алланың аты жазылған арақты сатылымнан түгелдей алып тастауын талап еттi.
Аты-шулы ащы су Ақтөбе қаласындағы «Геом» ЖШС-iнде шығарылған.
Арада көп уақыт өтпей Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербiсәлiнiң атына «Геом» ЖШС-ның бас директоры А.А.Гоогенiң қолы қойылған, Қазақстан мұсылмандарынан кешiрiм сұраған ресми хаты келiп түстi. Зауыт басшылығының айтуынша, Алланың аты жазылған ащы су сатылымға «байқаусызда» шығып кетiптi-мыс…

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − ten =