Апта кеңесі

0 91

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында қордың қаражатын пайдалану жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдер, сондай-ақ оның активтерін орналастыру бағыттары қаралды.

Елбасы өз сөзінде еліміздің экономикалық саяса­тын­дағы ұзақ мерзімдегі перспективаға арналған Ұлттық қордың одан арғы рөлі мен орнын нақты айқындау қажеттігін атап өтті. Қор қаражатын ағымдағы мәселелерді шешудің көзі ретінде қарастырмауды, ал оның орнына тиімсіз бюджет шығысын қысқарту, қаржы тәртібін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және салық салынатын базаны арттыру қажеттігін алға тартты. «Біріншіден, Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп 1 маусымға дейін қаржы-кредит қатынастарының жаңа жүйесі аясында Үкімет пен Ұлттық Банктің үйлестірілген шарасы есебінен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі толық есеп жөнінде бірлескен ұсыныстар енгізсін. Екіншіден, Ұлттық қордың республикалық бюджетке мақсатты трансферттер бөлу бөлімінде ұсынылған өзгерістер мақұлдансын. Бұл ретте мен Үкіметке өзге мүмкіндіктерді мейлінше пайдалану туралы тапсырма беремін»  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Гүлмира Аймағанбет, Әділбек Жапақ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 18 =