©2020 Астана Ақшамы
АПТА ДЕРЕГІ
Білім және ғылым министрлігі осы аптада Ұлттық бірыңғай тестті 121 мың адам тапсырады деген нақты дерек таратты. Бұл көрсеткіш биылғы бітіруші түлектердің 78 пайызын құрап отыр.
Сынақ 1-15 маусым аралығында 154 қосында өтеді деп жоспарлануда. Оның 107-сі аудан орталығы мен қала мектептерінде, ал, 47-сі Астана мен Алматы қалаларында және облыс орталықтарында орналасқан. Биылғы тестілеудің ерекшелігі жылдағыдай маусымның 10-на емес, 15-не дейін созылады.
Апелляцияға өтініш қабылдау үшін тағы да қосымша 1 сағат беріледі, яғни, күніне 14 сағатқа дейін өтініштер қабылдайды. Мемлекеттік комиссияның мүшелері 11 адамнан 5-ке дейін қысқартылды.