АПТА ДАУЫ

0 61

Қала халқы апта соңында өтетін сенбілікке қызу дайын­далып жатқан тұста тазалыққа қатысты қып-қызыл дау шықты.

Есіл ауданы әкімдігінің арнайы маман­дары тексеріс кезінде Тұран даңғылы бойында жүріп жатқан құрылыс маңында тау боп үйілген қоқыстың үстінен түседі. Тексере келе, қоқыстың иесі түріктің «Сембол» АҚ құрылыс компаниясы екені белгілі болды.

Аталған компанияның елорда құрылысында өзіндік қолтаңбасы бар екенін мойындаған жөн. Тек, шетелдік компанияның осы жолы аяқкиіммен төрге озған оспадардың қылығын қайталағанына қарнымыз ашты.

Келеңсіздікке куә болған аудан әкімдігі қарап қалған жоқ. Компания басшылығына хабарласты. «Қоқысты өз қолымызбен тазалаймыз» деген уәдесін алды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 5 =