Апта басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды.

0 83

Сапар барысында Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесіп, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша екіжақты келіссөздер өткізді.

Кездесудің қорытындысы бойынша ХХІ ғасырда тату көршілестік және одақтастық туралы жаңа Шартты әзірлеу және қабылдау қажеттілігі туралы уағдаластықты бекіткен Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Соңынан екі ел басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттың 20 жылдығына арналған концертті тамашалады.

Ресейден кейін Президент Түркия Республикасына ресми сапармен аттанды.

Сапар аясында Ататүрік кесенесіне гүл себетін қойып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Онда Нұрсұлтан Назарбаев Мұстафа Кемал Ататүріктің Түркия Республикасын мықты және беделді мемлекет ретінде дамытуға қосқан үлесін атап өткен.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия басшылары 20 жыл ішіндегі ынтымақтастықтың қорытындысын шығарып, екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Қабылдауда Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес елдердің арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Абдулла Гүлге «Алтын Қыран» орденін тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =