©2020 Астана Ақшамы
АПТА АҚПАРЫ
Астана қаласы Статистика департаментінің соңғы ақпары бойынша, қалада тамақ өнімдерінің бағасы артып отыр.
Макарон өнімдерінің бағасы былтырғымен салыстырғанда 0,4 пайыздан 1,4 пайызға, тауық еті – 3,5 пайызға, жұмыртқа – 3,3 пайызға, қант – 3,2 пайызға, сары май 1,4 пайызға өскені байқалады. Көкөністердің де құны шарықтап барады. Сәбіз бағасы – 25,6 пайызға, картоп – 21,8 пайызға, қырыққабат – 10,5 пайызға, пияз – 9,5 пайызға, қызылша 1,6 пайызға қымбаттады.
Шынар ДОСАН