©2020 Астана Ақшамы
Апта ақпары
Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы таратқан мәлімет бойынша, 2012 жылы елордада тіркелген сырқат саны өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға азайыпты.
Айталық, қан айналымы жүйесінің кінәратымен шағымданғандар – 20 пайызға, оның ішінде жүректің ишемиялық аурулары – 56 пайызға, қан қысымының жоғарылауы 13,2 пайызға кеміген.
Ал, туберкулезге шалдыққандар – 21,3 пайызға, психикалық ауытқуға ұшырағандар – 2 пайызға, қатерлі ісік – 1 пайызға, анемия 9,2 пайызға аз тіркеліпті.
Мұндай көрсеткішке қол жеткізуіміздің басты себебі – елордалықтардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін ұдайы жүргізілетін скринингтік тексерулер мен медициналық көмектің сапасының артуы.
Аталмыш орталықтың мәліметі бойынша, Астанада өлім көрсеткіші де азайған. Мәселен, қан айналымы жүйесінен көз жұмғандар саны – 22 пайызға, туберкулезден – 25,5 пайызға, қатерлі ісіктен келетін өлім көрсеткіші 10 пайызға төмендепті.