АПТА АНЫҒЫ

0 83

22 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігінің жаңа Ми-17 тікұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды.

Бұл жөнінде министрліктің ар­найы брифингінде айтылды.

Арнайы комиссияның төрағасы, полковник Мұрат Қажымұратовтың айтуын­ша, тікұшақтың техникалық жағдайы апатқа себеп болмаған, ұшу кезіндегі заңды нормалар сақталған.

Журналистерге берген сұхбатында ол: «Жазғы комис­сия тексеру жұмыстарын жүргізе отырып, апатқа тікұшақтың абай­сызда сол жаққа өз бетімен айналу режиміне, одан кейін көтергіш бұранданың дауыл кезінде айна­лу режиміне түсіп қалуы себеп болғанын анықтады», – деді.

Барынша үлкен жылдамдықпен келіп құлаған тікұшақ алдымен қирап, кейін өртке оранған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × one =