АПТА АНЫҒЫ

0 82

Астана қаласы бойынша инфляция 0,2 пайызды құрап отыр. Бұл туралы мәліметті апта басында Астана қаласының Статистика департаменті таратты.

Сондай-ақ, департамент мамандарының келтірген дерегі бойынша мамыр айында Астана қаласындағы азық-түлік тауарлары 0,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,3%-ға, ақылы қызметтер тарифі – 0,1%-ға қымбаттағаны белгілі болды.

Нан және жарма өнімдерінің бағалары 2%-ға, қант – 1,2%-ға, алкогольсіз сусындар – 0,6%-ға, майлар мен тоң майлар – 0,3%-ға, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері – 0,1%-ға өскен. Ал, жұмыртқа бағасы 2%-ға, көкөністер – 1,7%-ға арзандаған.

Ұн 12,6%-ға, бөлке нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 2%-ға, макарон өнімдері – 1,7%-ға қымбаттапты. Көкөністер то­бында қырыққабат бағасы 11,7%-ға, қызылша – 3,8%-ға, сәбіз бағасы 0,4%-ға жоғарылады, ал қияр – 11,3%-ға, қызанақ – 9,6%-ға, картоп – 5,1%-ға, басты пияз бағасы 0,7%-ға төмендеді.

Газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары 1,7%-ға, дәрі-дәрмектер, емдеу жабдықтары мен аппаратуралар – 0,7%-ға, жеке көлік құралдарына арналған отын мен майлайтын материалдар – 0,3%-ға, киім мен аяқ киім – 0,2%-ға, тұрмыстық аспаптар – 0,1%-ға қымбаттады.

Амбулаторлық қызметтер 2,2%-ға, тұрғын үй-жайын ағымдық ұстап тұру және жөндеу – 1,3%-ға қымбаттаған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + twelve =