АПТА АНЫҒЫ

0 83

27 шілде мен 12 тамыз аралығында Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олим­пиада ойындарының ашылу салтанатында қазақтың көк байрағын әйгілі балуан Нұрмахан Тінәлиев ұстап шығатын болды.

Әзірге бұл ақпаратты Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі әлі ресми мәлімдемегенімен, отандық басылымдарымыз «Ондай құрметке Нұрмахан лайық. Грек-рим күресі бойынша ол бүгінгі таңдағы белді балуандардың бірі. Аса ауыр салмақта күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы 2010 және 2011 жылғы әлем чемпионатында қола медальді мойнына ілді. Осыдан екі жыл бұрын Гуанджоуда өткен Азия ойындарында алтын тұғырға табаны тиді. Тінәлиев қандай жарысқа қатысса да үнемі ел сенімін ақтап жүр. Сол себепті де нар тұлғалы жігітімізге осындай маңызды миссия сеніп тапсырылды», – деп жазып жүр.

Ал, балуанның өзі: «Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Ермахан ағам сияқты елге алтын медаль сыйлауға бар күш-жігерімді саламын», дейді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 16 =